Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам өзінің жерлеу рәсімінен екі күн өткен соң үйіне оралды

Опубликовано:

могила548489
Көрнекі фото: pexels.com

Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Канпур қаласында отбасы мүшелері ер адамды өлі деп танып, жерлеген болатын. Алайда содан екі күн өткен соң "марқұм" үйіне оралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

2 тамызда Ахмад Хассан әйелімен ұрсып қалып, үйінен шығып кеткен. Отбасы мүшелері оның жоғалғанын хабарлап, полицияға арыз берген.

5 тамызда тәртіп сақшылары ер адамның денесін тапты, ағалары оның Хассан екенін растаған. Осылайша сол күні отбасы мүшелері оны жер қойнауына тапсырады.

Ал 7 тамызда Хассан үйіне оралған.

"Әйеліммен ұрсып қалып, зауытқа жұмысқа кеттім. Жұма күні еңбекақымды алған соң үйге оралдым. Бірақ келген кезде, үйде ешкім болмады, есік жабық тұрған", – дейді ол.

Белгілі болғандай, полицейлер тапқан ер адамның бет-әлпеті Хассанға қатты ұқсаған екен. Сөйтіп отбасы мүшелері қателесіп бөтен біреуді жерлеген болып шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде "марқұм" әйелдің орнынан тұрып, жүріп кеткені жайлы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Мысырда ер адам жерлеу рәсімінен төрт ай өткен соң зираттан тірідей табылған еді.

Мұхаммед Эль-Гаммаль осы жылдың қаңтарында із-түзсіз жоғалып кеткен. Отбасы ер адамға іздеу салған, бірақ одан еш нәтиже шықпапты.

Біраз уақыттан кейін, мысырлықтың үйіне жергілікті ауруханада жұмыс істейтін туысқаны қоңырау шалып, ер адамның денесі емханаға жеткізілгенін айтады. Барлық туыстары оның Мұхаммед екенін растаған.

Алайда төрт ай өткен соң, түнде бір топ жастар зираттың ішінде кезіп жүрген адамды байқаған. Ол бірден полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бұл жоғалып кеткен Эль-Гамаль екені анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1868978-er-adam-zerlengennen-eki-kn-tken-so-jine-oraldy/

pixel