RU

Минсктегі шеру кезінде тәртіп сақшысы халық жағына өтті (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Беларусь астанасы Минскте болып жатқан наразылық акциясы кезінде күштік құрылым қызметкері бас киімін шешіп, шерушілердің жағына өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Минскідегі шеру
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Күштік құрылым қызметкерінің халық жағына өткен сәтін NEXTA Live Telegram арнасында жарияланған видеодан көруге болады.

Аталмыш бейнежазбада "ОМОН" қызметкері бас киімін шешіп, шерушілерге қосылғаны бейнеленген. Тәртіп сақшысы шерушілерді қуып таратуға қатысудан бас тартқан.

"Батыр!", - деп жазылған Telegram желісіндегі видеода.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өткен еді.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Осыдан кейін Лукашенконың қарсыласы Светлана Тихановская сайлау нәтижесінде өзінің жеңіске жеткенін айтып, билікті бейіт жолмен беруді талап етті.

Светлана Тихоновская

Тағы да оқыңыздар

Светлана Тихановская Белоруссиядан кетіп қалды

Сонымен қатар америкалық сенатор Джим Раш Александр Лукашенко демократиялық жолмен қайта сайланбаған болса отставкаға кетуі керек деген мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ бүгін президенттікке басты үміткер Светлана Тихановскаяның Белоруссиядан кетіп, Литваға келгені белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Минсктегі шеру кезінде тәртіп сақшысы халық жағына өтті (видео)