RU

Карантин жеңілдетілгеннен кейін маска тағудың қажеті бар ма

Telegram logo VKontakte logo

Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысында елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, карантин алынып тасталса да, бетперде тағуға тура келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маска тағу1

Көрнекі фото: NUR.KZ

Цой осы уақытқа дейін елде 100 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелгенін атап өтті. Науқастардың жартысынан көбі ауруынан сауығып кетті. 1 291 адам вирустың құрбаны болды.

Оның айтуынша, елде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанды және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалық жеңілдеді.

Бұл шілденің басында карантин енгізудің арқасында мүмкін болды. Ол кейбір шектеулерді алып тастау мүмкіндігі туралы айтты.

Алайда, министр карантин алынып тасталса да, маска режимін сақтау талабы әлі де күшінде болатынын атап өтті.

Айта кету керек, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 57 дерегі және 9 өлім жағдайы тіркелді.

Елімізде өткен тәулікте тағы 722 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. 1179 адам жазылып шыққан. Қазіргі таңда коронавирустан айыққандар саны – 73 702.

ковид321

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 9 адам көз жұмды

Оған қоса, 3 және 9 тамыз аралығында, яғни бір апта ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 211 адам көз жұмған.

Еске сала кету керек, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Онда үкімет басшысы мемлекеттік комиссияның қарауына карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Карантин жеңілдетілгеннен кейін маска тағудың қажеті бар ма