Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді

Опубликовано:

Путин мырза1
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин үкіметпен кездесу барысында әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина Ресей Федерациясында тіркелгенін хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жиын барысында Путин 11 тамызда таңертең коронавирус инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы тиімді вакцинаны тіркеу ресми түрде өз мәресіне жеткенін хабарлады.

"Менің білуімше, бүгін таңертең әлемде алғаш рет жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакцина тіркелді", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге президент препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы білетінін атап өтіп, вакциналарға арналған сынақтардың барлық кезеңдерінің толық өткендігін тағы бір мәрте баса айтты.

Сондай-ақ, Путиннің үкіметпен кездесуі кезінде тағы бір маңызды жаңалық жарияланды. Вакцинаның алғашқы партиялары дайындалып, Ресей аймақтарына жіберілуге ​​дайын деп хабарлайды "RT на русском" Telegram арнасы.

Бұл вакциналар Ресей медициналық мекемелеріне жеткізілгеннен кейін, ең алдымен, коронавируспен алғы шепте күресіп жүрген дәрігерлерге қолданылады.

Ақпарат құралдарының соңғы мәліметі бойынша, вакцина "Спутник V" деген атауға ие болған.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізген болатын.

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда биологтар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Ол – инъекция арқылы емес, мұрынға себу арқылы қабылдауға арналған спрей.

Сонымен қатар, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін алатындардың саны нақтыланғанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869022-putin-resejde-lemdegi-algasky-koronaviruska-karsy-vakcinany-tirkelgenin-mlimdedi/

pixel