RU

Путиннің қызы коронавирусқа қарсы вакцина алды

Telegram logo VKontakte logo

Ресей президенті Владимир Путин қызының коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Індетке вакцина

Көрнекі фото: pixabay.com

Путин 11 тамыз күні таңертең COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы тиімді вакцинаны тіркеу ресми түрде өз мәресіне жеткенін хабарлады.

"Менің білуімше, бүгін таңертең әлемде алғаш рет жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакцина тіркелді", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге президент препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы білетінін атап өтіп, вакциналарға арналған сынақтардың барлық кезеңдерінің толық өткендігін тағы бір мәрте баса айтты.

РИА Новости таратқан ақпаратқа сәйкес, Ресей басшысының қыздарының бірі коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу экспериментіне қатысқан.

Путиннің сөзінше, қызының температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, келесі күні 37 градусқа дейін түскен.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізген болатын.

Путин мырза1

Тағы да оқыңыздар

Ресей коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда биологтар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Ол – инъекция арқылы емес, мұрынға себу арқылы қабылдауға арналған спрей.

Сонымен қатар, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін алатындардың саны нақтыланғанын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Путиннің қызы коронавирусқа қарсы вакцина алды