RU

"Халық мәдениет жағынан тоқырауы мүмкін": Айгүл Иманбаева өз шындығын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева мессенджердегі "жұлдыздардың" чатында не айтылып, не талқыланатынын, пандемияның қазақ өнеріне қалай әсер еткенін, өзін қандай мәселелер толғандыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Youtube желісіндегі Желмая жобасына сілтеме жасап.

Иманбаева

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасы

"Пандемия кезінде эстрада әншілерінің көбісі абдырап қалды. Жасыратыны жоқ, көп әншілер той-томалақтан нәпақа табады. Сондықтан да көп әнші "отырып" қалды. "Әншілердің авторлық қоғамы" дейтін чат бар. Қайырымдылыққа келген кезде жұмыла кететін ауызбіршілік бар. Чаттағы әңгіме көп жағдайда авторлық қоғамға қатысты болады. Ол жердегі басшымыз – Мейрамбек Беспаев. Ауызбіршілік бар. Бірақ жеме-жемге келгенде бәрібір әркім өз үшін жауап береді", - деді ол. 

Өнер иесі елдің басында болып жатқан әртүрлі кезең толғандыратынын айтты. 

"Өзімнің ішімдегі ақиқатым бар. Өнердегі өзінің ізін салып келе жатқан қыз-жігіттердің айтқан сөзі мен жасаған ісі қоғамдық пікір тудырады. Қазір тобырлық мәдениеттің шарықтап тұрған кезі. Блогерлер-жұлдыз, мысалы. Тобырлық мәдениет дамып тұрған қоғамда көзі ашық, көкірегі ояу тұлға ретінде әлеуметтік желіде бірдеңені айта салудың өзі кейбір жерде дұрыс емес. Өйткені ол үлкен пікірталас тудырып жіберуі мүмкін. Сол себепті шындығың, ақиқатың болғанда да нақты дәлелдер керек", - деді Иманбаева. 

кадр

Тағы да оқыңыздар

Оралда биімен клиент тартатын қарбыз сатушы жұрттың көңілін көтерді (видео)

Әртіс "өнерпаздар өнері арқылы қоғамға үлес қосуы керек" деген пікірде.

"Әсіресе, театр әртістері келген көрерменге ақыл айтпайды, тек ой тастайды. Әр адам өзін көріп кетуі мүмкін, көрген шығармасынан ой түйіп кетуі мүмкін. Қазіргі таңда мені ұлттың келешегі, болашағы, тілі мен рухы мазалайды. Жанында, жүрегінде титтей де рухы жоқ жастарды көргенде жүрегім қан жылайды. Қазір білімнен де, мүмкіндіктен де ешқандай шектеу жоқ. Осының барлығы рухтың өлгендігінен, отбасында рухты тәрбиелеу керек", - деді Иманбаева. 

Сонымен қатар, әнші той саласындағы әртістер туралы да сөз қозғады.

"Той-томалақта кешке дейін сақалын сапситып тойды жүргізгеннен кейін не қадір болады? Жалпы, актер деген қауымға құрмет жоғалады. Қолжетімді болып тұрады. Басқа елдерде олай емес. Мен Ресейге театрға көп барамын. Миронов, Безруков, Хаматоваларды бетпе-бет көре алмай кетеміз. Гүл апарғанның өзінде де сахнаға шығармай, алдынан ғана беріп, құрмет көрсетесің. Бұл Қазақстанда да қалыптасып келе жатыр", - деді ол. 

Айгүл Иманбаева

Тағы да оқыңыздар

Белгісіз ер азаматтың бетінен сүйіп тұрған Иманбаева желіде талқыға қалды (фото)

Одан бөлек, өнер иесі карантин кезінде театр, кино, концерт болмай жатқанын тілге тиек етті. 

"Халық мәдениет жағынан тоқырауға ұшырауы мүмкін. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде "той керек емес, әртістің өнері керек емес" деп айту белең алды. Онымен келіспеймін, себебі мәдениетсіз, өнерсіз ұлт та, мемлекет те болмайды. Осындай кезеңдік сынаққа тап болған шығармыз. Бірақ "мүлдем керегі жоқ" дегенмен мен келіспеймін", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жігіттер тобының орындаушысы Бағлан Әбдірайымов пен әнші Бейбіт Кушкалиевтің карантин кезінде немен айналысып жүргенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Халық мәдениет жағынан тоқырауы мүмкін": Айгүл Иманбаева өз шындығын айтты