Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайына санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін

Опубликовано:

Алматы әуежайы1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы әуежайына перрон автобустарында санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. Әуежайға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, тұрғындар перрон автобустарының толып кетуіне бірнеше рет шағымданған және бұл жағдайда әлеуметтік қашықтықты қалай сақтауға болатынын сұраған.

Мысал ретінде ол Facebook қолданушыларының бірінің жазбасын келтірді.

Әйел Алматы әуежайындағы адам толы перрон автобусымен жүруге мәжбүр болғанын айтып шағымданған. Оның сөзінше, салонның өзінде санитарлық нормалар сақталмаған. Мұны растау үшін ол жазбасына фотосурет тіркеген.

Көлік бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары тексеріс жүргізіп, заң бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде, Алматы әуежайына қарсы, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл заң бұзушылық үшін 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

Сонымен қатар, Байғабыловтың айтуынша, әуежай әкімшілігі автобустарға санитарлық тазартқыш қондырғыларын орнатып, әлеуметтік қашықтықты сақтау белгілерін қойған. Автобустар толып кетпеуі үшін арнайы қызметтер жолаушыларды отырғызуды қадағалайды.

Осыған орай, Байғабылов әуежай әкімшілігін жолаушыларды тек әуежай ғимаратында ғана емес, сонымен қатар перрон автобустарында да санитарлық нормаларға сай болуын қамтамасыз етуге шақырды.

Сондай-ақ, дәрігер барлық жолаушыларға да үндеу жасады.

Егер кімде-кім осындай заң бұзушылықтардың куәгері болса, Facebook-те Байғабыловты хэштегпен белгілеуді немесе +7 778 012 70 00 нөміріне қоңырау шалуды өтінді.

Мұндай жағдайда ол тез арада жауап беруге уәде берді.

Еске салсақ, мамыр айында Түркияның TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайының жүз пайыз акциясын 415 миллион долларға сатып алғаны туралы жазған едік.

Ал наурыз айының ортасында Алматы әуежайының ТЖ кезіндегі көрінісі туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869047-almaty-uezajyna-sanitarlyk-normalardy-saktamagany-sin-ajyppl-salynuy-mmkin/

pixel