Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аурудың алдын алады": Білікті дәрігер өкпені вирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)

Опубликовано:

дем
Көрнекі фото: pexels

Лондондағы Queen's ауруханасының дәрігері Сарфараз Мунши коронавирус жұқтырған науқастарға аурудың асқынуын алдын алуға көмектесетін тыныс алу әдістерін көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Медицина қызметкері бұл видеоны жақындары мен достары арнап, түсірген. Алайда оның жазбасы YouTube желісіне жарияланған соң, тез таралып кеткен. Қазіргі уақытта видеодағы қаралым саны төрт миллионнан асты.

"Егер сізде COVID-19 болса, жаттығуды мүмкіндігінше тезірек бастау қажет. Егер, сіз ауырмасаңыз да, бұл жаттығу қауіпті індеттің алдын-алуға көмектеседі", - деп түсіндірді Сарфараз Мунши.

Білікті маман ұсынға аттығудың реті төмендегідей:

  • 5 терең тыныс алу. Әр демді 5 секунд ұстап тұру. Алтыншы терең тыныс алғаннан кейін ауызды қолмен жауып, қатты жөтелу керек.

Дәрігердің сөзінше, бұл әдіс төменгі тыныс жолдарын ашады екен. Ол бұл әрекеттер тізбегі (бір цикл) тағы бір рет қайталанады, дейді.

  • Содан кейін асқазанға жастық төсеп етпетінен жату керек. Бұл жағдайда 10 минут баяу және терең дем алған жөн.
"Етпетінен жатудың себебі өкпенің көп бөлігі кеуде қуысында емес, артқы жағында орналасқан. Етпенінен жатып, дем алған кезде төменгі тыныс жолдары ашылады", - дейді Лондондағы Queen's ауруханасының дәрігері Сарфараз Мунши .

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын мәлімдеген болатын.

ДСМ өкілінің сөзінше, республикада індетке қатысты жағдай тұрақты және жіті бақылауда. Қожахметов қазіргі карантиннің оң әсерін беріп жатқанын, ДСМ билікпен бірлесіп, ауру өсімін төмендетуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

Денсаулық сақтау ведомствосының ресми өкілі мәлім еткендей, Қазақстан коронавирус індетінің ауыр кезеңінен өткен.

Сондай-ақ ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қазақстанда коронавирустың тағы бір толқыны күтілетінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869120-aurudy-aldyn-alady-bilikti-driger-kpeni-virustan-korgau-disin-krsetti-video/

pixel