RU

Алматыда ішімдікке сылқия тойған арулар ерлі-зайыптыларды ұрып-соққан

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда ішімдік ішіп алған бір топ бойжеткен ерлі-зайыптыларды ұрып тастаған. Оқиға Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан трамплиндер жанында болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бір топ адам

Фото: Видеодан кадр

Оқиға 11 тамызда болған.

Almaty.tv арнасының сюжетінде көрсетілгендей, зардап шеккендердің бірі түнгі сағат 03:00 шамасында бір топ жастардың "Сұңқар" тау шаңғысы кешенінің бақылау палубасына бара жатқан жолда орналасқан үйлерінің жанында шу шығарғанын айтқан.

Ерлі-зайыптылар сыртқа шығып, жастардың тарауын өтінген, бірақ олар бұл өтінішке құлақ аспады. Сонымен қатар, бірнеше мас қыз ерлі-зайыптыларды ұра бастаған. Жанжал кезінде ер адамның мұрнынан қан кете бастады.

Белгілі болғандай, жастар бұл жерге жиналып, бірінше рет түнгі жиналыс ұйымдастырып отырған жоқ. Көрші үйлердің тұрғындары олардың түнде ұйықтауға мұрша бермейтініне шағымданады. Олардың сөзінше, мұның бәрі карантин енгізілгеннен кейін басталған.

Айтуынша, егер бұрын бұл ауданда тыныштық болса, қазір кешке жүздеген көліктер жиналады. Жастар музыка тыңдап, ішімдік ішіп, кальян шегеді екен.

Тапанша ұстаған адам1

Тағы да оқыңыздар

Алматыда ер адам қатты музыка туралы ескертпеге жауап ретінде адамдарды атқан

Енді осы оқиғадан кейін олар Алматы әкімдігі мен спорт нысандарының басшылығына шағымдануды ойлауда. Шаңғы трамплиндерінің басшылығы ауданда қосымша бекет орнатып, көмектесуге уәде берді.

Алайда олар құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен көмек сұрады. Алматы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, учаскелік полиция қызметкерлері бұл учаскеде тексерісті бастады. Егер қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар расталса, онда тәртіп бұзушыларға әкімшілік шара қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласында 18 жастағы жігітті аяусыз ұрып-соққан күдіктінің қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларды ұрып-соққан мұғалім жазаға тартылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда ішімдікке сылқия тойған арулар ерлі-зайыптыларды ұрып-соққан