RU

Қазақстандық белсенді Әсия Төлесоваға қатысты үкім шықты

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда белсенді Әсия Төлесованы бір жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Медеу аудандық соты мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тулесова 789

Әсия Төлесова. Фото: Esquire Kazakhstan / YouTube

"Сот процесі Төлесованың, оның қорғаушысы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық режимде өткізілді. Ол ҚР ҚК-нің 378 бабы 2-бөлігі және 380 бабы 1-бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Істі қарау нәтижесі бойынша 6 маусымда санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер кезеңінде Төлесованың өз міндеттерін орындау үстіндегі полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, өзін агрессивті ұстағаны анықталды.

Тәртіп сақшыларының бірінің – басы мен иығынан, екіншісінің – бас киімінен, үшіншісінің – иығы мен арқасынан соққылар жасаған, полицейлерді балағаттаған.

Прокурор Төлесоваға қатысты бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұрады. Жәбірленушілер прокурордың өтінішімен келісті, ал қорғаушы тарап оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Төлесова өз кезегінде жәбірленушілерден кешірім сұрады.

Айыпталушыға 20 АЕК көлімінде айыппұл салынып бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді", – деп мәлімдеді қылмыстық істер бойынша Медеу аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Тәкен Шәкіров.

Қару

Тағы да оқыңыздар

Шымкенттегі атыс: Оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Үкім шыққан соң Төлесова кепілдікпен босатылды. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәтбаевтағы тәртіпсіздік кезінде полиция бастығына шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейіннен Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адамның ұсталғаны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстандық белсенді Әсия Төлесоваға қатысты үкім шықты