Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серікбол Сайлаубек "яхтада" қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Серікбол Сайлаубек чхтада ән айтуда
Видеодан кадр: Instagram/serikbol_sailaubek

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Серікбол Сайлаубек те өнердегі әріптестерінен қалысар емес. Атышулы әнші де жазғы демалысын көлдің жағасында өткізуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серікбол Сайлаубек демалысы қалай өткізіп жатқанын Instagram желісі арқылы көрсетті. Ол жеке парақшасында көлдегі суреттері мен видеоларымен бөліскен. Ғаламторға жүктелген бейне материалдардан өнер иесінің үлкен қайықта демалып жатқанын көруге болады.

Айта кетерлігі, әнші осы жылғы демалысын отбасымен емес, жақын достарымен өткізгенді жөн санаған көрінеді. Бейнежазбалардың бірінде шоу-бизнес жұлдызы тек ер азаматтардың қасында отырып, бірге ән салып жатты.

Алайда, ол ешбір жазбасында қай жерде демалып жатқанын жазбаған.

Желі қолданушылары Серікбол Сайлаубектің демалысына аса қатты қызығып, оған көптеген пікірлер қалдырды.

"Демалысыңыз жақсы өтсін. күшті көрініс" , "Достарыңызбен демалысқа не жетсін" , "Жақсы демалып қайтыңыз. Бірақ, абай болыңыз" , "Қызығып отырмын сіздің демалысыңызға" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің демалысы туралы жазған болатынбыз. Ол отбасымен бірге Қапшағайда демалуды шешкен.

Оған қоса, бірқатар өнер иелері Алакөлде демалып қайтты. Олардың арасында еліміздің бас хитмені Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мен әнші Шахизада Байбатжанова да бар. Шетелге бірге барып демалатын жұлдздар биыл Қазақстан ішінде бөлек қыдыруды жөн санаса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869167-serikbol-sajlaubek-ahtada-kalaj-demalyp-zatkanyn-krsetti-foto-video/

pixel