RU

Карантин жеңілдетілген жағдайда мешіттер қалай жұмыс істейді

Telegram logo VKontakte logo

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

мешіт

Көрнекі фото: ummet.kz

Министрліктің мәліметінше, кездесу барысында карантиннің жеңілдеуі жағдайында діни ғимараттардың жұмыс істеу мәселелері талқыланған.

Бас мүфти мешіттер ашылған жағдайда діни ғимараттағы қызмет санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілетінін жеткізді.

"Өз кезегінде вице-министр ҚМДБ-ның мешіттерде коронавирустық індет таралуының алдын алу бойынша бірыңғай іс-қимыл тәртібін әзірлеудің орындылығын жеткізді", - делінген хабарламада.

Марат Әзілханов мемлекет пен діни бірлестіктердің, әсіресе індет сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында одан әрі ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті.

Вице-министр ҚМДБ төрағасына діндар азаматтардың мәжбүрлі карантиндік шараларға түсіністікпен қарағаны және олардың арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде мемлекетке көмектескені үшін алғысын айтқан.

Бас мүфти Марат Әзілхановқа 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өткен Құрбан айт мерекесі кезінде министрлік тарапынан көрсетілген қолдауға өзінің алғысын білдірген.

Нур жолы 2

Тағы да оқыңыздар

Пара алу бойынша күдікке ілінген "Нұр-Жолы" кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел тұрғындарын дәрі бағасын қымбаттатпауға шақырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Карантин жеңілдетілген жағдайда мешіттер қалай жұмыс істейді