RU

Тоқаев Путинді COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады

Telegram logo VKontakte logo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинді коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Путин мен Тоқаев қол алысып тұр1
Фото: Ақорда

Президент Ресей көшбасшысын COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуімен құттықтап, жеделхат жолдаған.

"Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті.
Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысының сөзінше, осы айдың екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге бармақ.

Еске сала кетсек, 11 тамызда Владимир Путин Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелгенін мәлім еткен болатын.

вакцина ковид 1

Тағы да оқыңыздар

КВИ-ға қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы уколдары екі аптаның ішінде салынады

Путин препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы айтып, вакцина сынақтардың барлық кезеңінен толық өткендігін атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін отандық мамандар COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаған еді.

Коронавирусқа қарсы екпені алғашқы болып өзіне салдырған қазақстандық вирусолог Қайсар Табыновтың сөзінше, екпенің ешқандай кері әсерін байқамаған.

Бүгінде денсаулығының жақсы екенін айтады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тоқаев Путинді COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады