RU

Сенат сайлауы: Алдын ала қорытынды белгілі болды

Telegram logo VKontakte logo

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттары сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенат заседание 2

Көрнекі фото: parlam.kz

ОСК мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі және Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев ең көп дауыс жинаған.

Оның әріптесі – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлы Павлодар облысы бойынша ең көп дауыс жинады.

Ал оңтүстік астанада сайлаушылардың 100 пайызы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановқа дауыс берген.

Еліміздің үшінші мегаполисінде қазіргі уақытта парламенттің жоғары палатасының депутаты болып табылатын Айгүл Қапбарова ең көп дауыс жинаған.

Алдын ала қорытындыларға сәйкес, Ақмола облысында – ревизиялық комиссияның бастығы Нұрлан Бекенов, Ақтөбе облысында – Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев, Шығыс Қазақстан облысында – Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина ең көп дауыс жинаған.

Бақытжан Қараманов1

Тағы да оқыңыздар

Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған судья жаңа қызметке ие болды

Алматы облысы мен Батыс Қазақстан облысында өз-өздерін ұсынған үміткерлер – Сұлтан Дюсембинов пен Ләззәт Рысбекова ең көп дауыс жинады.

Қызметтегі тағы бірнеше сенатор өз өңірлері бойынша ең жоғары дауыс жинаған – Қарағанды облысында Сергей Ершов, Солтүстік Қазақстан облысында Ольга Перепечина және Түркістан облысында "Ауыл" партиясының басшысы Әли Бектаев.

Сондай-ақ алдын ала қорытындыларға сәйкес, екі әкім орынбасары өз өңірлерінде жеңіске жеткен. Олар Жамбыл облысында Бекболат Орынбеков және Қостанай облысында Сергей Карплюк.

Атырау облысында дауыс берушілердің басым бөлігі Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. басқарушы директоры Сағындық Лұқпановты таңдаған.

Ал Қызылорда облысында Nur Otan өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова ең көп дауысқа ие болған.

Тулепбергенов1

Тағы да оқыңыздар

Алматыда Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды

Маңғыстау облысы бойынша ең көп дауыс жинаған – "Қаражанбасмұнай" вице-президенті Сүйіндік Алдашев.

Айта кетейік, бүгін, 12 тамызда еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ үш ірі мегаполисте парламент сенаты депутаттарының сайлауы басталғанын хабарлағанбыз.

Сенат сайлауына ел қазынасынан 254 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеген еді..

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сенат сайлауы: Алдын ала қорытынды белгілі болды