RU

КВИ-ға қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы уколдары екі аптаның ішінде салынады

Telegram logo VKontakte logo

Коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының алғашқы уколдары екі аптаның ішінде салынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

вакцина ковид 1

Фото: АФК "Система" баспасөз қызметі

Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді.

Оның айтуынша, вакцина әр адамға, соның ішінде медицина қызметкерлеріне өз еріктерімен салынады.

Денсаулық сақтау министрі бірінші кезекте Ресей аумағындағы мұқтаж адамдарды вакцинамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетсек, 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин үкіметпен кездесу барысында әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның Ресей Федерациясында тіркелгенін хабарлаған болатын.

Ол препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы білетінін атап өтіп, вакциналарға арналған сынақтардың барлық кезеңдерінің толық өткендігін тағы бір мәрте баса айтты.

Ал бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинді коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, осы айдың екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге бармақ.

Путин мен Тоқаев қол алысып тұр1

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев Путинді COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтады

Сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанның COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу жоспарына қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
КВИ-ға қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы уколдары екі аптаның ішінде салынады