RU

Сауат Мыңбаев мемлекет басшысына есеп берді

Telegram logo VKontakte logo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сауат Мыңбаев1

Фото: Ақорда

Сауат Мыңбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының биыл атқарған жұмысы жайында есеп берген.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы пандемияның жолаушылар тасымалына әсер еткенін атап өтті. Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған.

Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.

Кездесу соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинді COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуімен құттықтап, жеделхат жолдаған болатын.

Той карантин1

Тағы да оқыңыздар

Ақмола облысында құдалық өткізген мейрамхана иесіне айыппұл салынды

Мемлекет басшысының сөзінше, осы айдың екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге бармақ.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сауат Мыңбаев мемлекет басшысына есеп берді