RU

Ми қызметін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттыру үшін не жеу керек

Telegram logo VKontakte logo

Күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері тек асқазанымызда ғана қорытылмайды. Жеген ас миымызға да пайдалы болуы керек. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Harper's Bazaar-ға сілтеме жасап есте сақтау қабілетін арттыратын өнімдерді ұсынады.

жеміс
Көрнекі фото: pixabay.com

Бадам майы

Жаңғақтар мен жаңғақ майы Е витаминіне бай. Мұны жиі тұтыну арқылы сіз Альцгеймер ауруының алдын аласыз. Сондай-ақ жаңғақтардың құрамында кальций, магний, калий көп.

Авокадо

Бұл жемісте де Е витамині мен майлы қышқылдар көп. Авакадоны жи жеудің арқасында миыңыз белсенді жұмыс істейді.

Грек жаңғақтары

Жоғарыда атап өткеніміздей, жаңғақтың құрамында пайдалы майлар көп. Сонымен қатар жаңғақта кездесетін Омега-3 арқасында жүрек-қан тамырларының қызметін жақсартып, миды қоректендіруге болады.

Жидектер

Көкөніс пен жемістермен бірге жидектердің де құрамында пайдалы дәрумендер өте көп. Әсіресе, жасы егде тартқан адамдар үшін жидектің пайдасы зор.

Брокколи және гүлді қырыққабат

Бұл көкөністердің құрамында С витамині, селен, фолий қышқылы, калий бар. Одан бөлек, брокколи мен гүлді қырыққабатта қан айналымын жақсартатын К витамині көп.

Зауреш

Тағы да оқыңыздар

Отандық дәрігер: Коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайта ауыруы мүмкін

Бұршақтар

Бұршақтарда В витаминдер тобы, атап айтсақ жүйке жүйесін тыныштандыратын фолий қышқылы мен В6 дәрумені бар. Фолий қышқылы бауыр жұмысын қалыпқа келтіретінін айта кеткен жөн.

Көк шай

Көк шайдың адам азғасына пайдалы екендігі осыдан бірнеше жыл бұрын анықталып қойған. Дегенмен ғалымдардың жүргізген соңғы зерттеуіне сәйкес, бұл сусын мидың қызметін реттеп, есте сақтау қабілетін арттырады.

Кофе

Кофе туралы екі жақты пікір қалыптасқан. Көпшілік бұл сусынды ішкенді ұнатса, енді бірі мұның адам ағзасы үшін зиян екенін үнемі айтып келеді. Дегенмен, кофе мидың дұрыс жұмыс істеуіне өз септігін тигізеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін қауынды кімдерге жеуге болмайтынын жазған едік. Мамандардың айтуынша, асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдікті қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жемеген жөн.

Көрнекі фото

Тағы да оқыңыздар

Қауынды кімдерге жеуге болмайды

Сондай-ақ Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында қарбыздар өсіп шыққанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ми қызметін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттыру үшін не жеу керек