RU

Қазақстан 17 тамыздан бастап бірнеше елдермен әуе қатынасын жандандырмақ

Telegram logo VKontakte logo

2020 жылдың 17 тамызынан бастап Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігі, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Мысыр, Украина мен Ресей Федерациясына халықаралық рейстерді қайта жандандырмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетінің telegram арнасына сілтеме жасап.

ұшақтар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрлік жоғарыда аталған елдердің авиациялық органдарымен бірлесіп тұрақты рейстерді қалпына келтіру мәселесін алдын-ала пысықтаған.

Осылайша, бұл елдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (термометрия, әлеуметтік арақашықтық, маска режимі, ПТР тестілеу және т.б.) Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдап отыр.

Сонымен бірге, Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн.

Халықаралық бағыттар бойынша рейстердің саны әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім негізінде және әр бағыттағы әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалады.

Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.

мешіт

Тағы да оқыңыздар

Карантин жеңілдетілген жағдайда мешіттер қалай жұмыс істейді

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырған еді.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстан 17 тамыздан бастап бірнеше елдермен әуе қатынасын жандандырмақ