RU

"Ұрып-соға ма деп қорқамын": Белоруссияда жүрген қазақстандық наразылықтарға қатысты ойын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Қазіргі уақытта наразылық шерулері белең алған Белоруссияда қалған Қазақстан азаматтары елде болып жатқан оқиғалар туралы өз ойларымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Беларусь Наразылық1

Фото: Дмитрий Брушко / TUT.BY

Осылайша, отандасымыз Руслан Арифуллин өткен түні оның үйіне жақын жерде бір мезетте бірнеше жарылыс дыбысы естілгенін айтты. Қазір ер адам пәтерінен шығуға жүрексінеді.

«Арнайы жасақ, полиция астыртын жұмыс істейді. Шынымды айтсам, полиция бөлімшесінде болудан қорқамын. Мені ұрып-соға ма деп қорқамын, яғни, қорқыныштың бір түрі бар", – дейді ол.

Ал Минск қаласының орталығында тұратын тағы бір қазақстандық Евгений Захаровтың айтуынша, ауданда бәрі тыныш. Адамдар қалыпты өмір сүруді жалғастыруда. Алайда оның айтуынша, жақында үйден алыс жерден жарылыстардың дыбысы естілді.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өткен еді.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Юрий Караев

Тағы да оқыңыздар

Беларусь ІІМ басшысы журналистерге тиіспеуге бұйрық берді

Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Оған қоса, Беларусьте өткен жаппай наразылық акцияларының үйлестірушілері қолға түсті.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі қоластындағы үш адамның әрекеттерін басқарып отырған.

Агенттіктің ақпарынша, күдікті наразылық акцияларын үйлестіру бойынша жұмыстарды қонақ үйдің 17-қабатында отырып жүзеге асырған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Ұрып-соға ма деп қорқамын": Белоруссияда жүрген қазақстандық наразылықтарға қатысты ойын айтты