RU

Асхат Тарғын әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал әнші Асхат Тарғын келіншегі мен жаңа туған қызын перзентханадан шығарып, үйіне алып қайтты. Өнер иесінің жары оған екінші перзентті сыйлаған. Қуанышы қойнына сыймаған әке өміріндегі бақытты күндердің бірімен әлеуметтік желі арқылы барша тыңдармандарымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Тарғын әйелі мен қызымен

Фото: Instagram/askhat_targin

Асхат Тарғын әйелі мен сәбиін перзентханадан қалай шығарып алғанын Instagram парақшасында көрсетті. Әнші қуанышты шара кезінен арнайы фото мен видео жариялап, көпшілікті бір қуантып қойды. Ол келіншегіне қызыл раушан гүлдерін ұлымен бірге тарту етті.

Қызды болған шоу-бизнес жұлдызы өзіне құттықтауларды жаудырып жатқан барша оқырмандарына алғыс білдірген.

"Құрметті парақшамдағы оқырмандарым! Неше күннен бері толассыз келіп жатқан құттықтауларыңызға көп-көп рахмет! Тел шалып құттықтағандар да көп болды. Баршаңызға Алла разы болсын. Шыныменде маған тілекші адамдардың көп екеніне қуандым. Аллаға шүкір мен бақытты әкемін. Барлықтарыңыздың шаңырақтарыңа ұл-қыз келе берсін. Алғысым шекісіз сіздерге" , - деп ағынан жарылды Асхат Тарғын.

Еске сала кетейік, бұл өнер иесі үшін үшінші перзент болды. Оның алғашқы некесінен бір қызы болса, қазіргі жанұясында дүние есігін енді ашқан сәбиден басқа үлкен ұлы бар.

спортшы

Тағы да оқыңыздар

"Жүрегіне оқ тиген": Атырауда төбелес кезінде 18 жастағы танымал спортшы қайтыс болды

Алайда, әншінің айтуынша, тұңғышы ата-анасын қарындасынан аса қатты қызғанып қалған.

Айта кетейік, Асхат Тарғын оныншы тамыз күні қызды болды. Қуанышты хабарды жұлдызды әкенің өзі жеткізген.

Асхат Тарғын мен Әлия Құдайбергенова 2017 жылы отбасы құрды. Ақтөбе облысында өмірге келген әртістің торқалы тойы Алматы қаласындағы таңдаулы ресторанның бірінде өткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Асхат Тарғын әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)