RU

"Кемшіліксіз жан болмайды": Сәбит Әбдіхалықов әсерлі жазбасымен бөлісті

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов желіде жантебірентерлік жазбасымен бөлісіп, көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі жариялаған әсерлі мәтін толықтай өзіне арналғандай көрінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Әбдіхалықов сахнада

Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Сәбит Әбдіхалықов Instagram желісіндегі парақшасында өзі туралы кері пікір айтып, жиі сынға ұшырататын адамдар туралы сөз қозғады. Ол жазбасында ондай жандардың айтқанына мән бермеу керек деп өз-өзіне кеңес берген.

Белгілі актер бұл әрекетімен ішкі жан тебіренісін жеткізбек болған көрінеді.

"Алуан түрі пікір, әр түрлі адамдар бар. Біреу жақсы сөздер жазса, кейбір жандар жақсы сөздерін қыймай жаман пікір қалдырады. Сондықтан жылы лебіздерді жүрекпен қабылдат, қысыр сөздерге қатты мән бермеу керек. Кісі ақылы шоқырақ, өз ақылым ақылақ деген. Жақсы адамдар көп, жақсылықтар жолдайтын, жаман сөзге қыймайтын, кейбір жандар бар, жақсылыққа қыймайтын, бойыңнан кемшілікті іздеп табатын.
Кемшіліксіз жандар болмайды, тере берсең періштеденде қателік табылады. Періште алтын көрсе жолдан тайған деген. Бастысы денсаулық болсын, бала шағаң аман болсын! Өнер Алладан, сол өнеріңмен елге танылдың, өнерің үстем болсын! Өнерің алысқа жетелесін. Халықың аман, елің тыныш болсын" , - деп жазды ол.
Дина Төлепберген

Тағы да оқыңыздар

Дина Төлепберген өз атын заңсыз пайдаланып жүргендерге ескерту жасады

Айта кетейік, 10 шілде күні Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі босанды. Динара Абдуллина оған ұл бала сыйлаған.

Оған қоса, актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Кемшіліксіз жан болмайды": Сәбит Әбдіхалықов әсерлі жазбасымен бөлісті