RU

Акуламен бетпе-бет келген әйел сабырлылығының арқасында аман қалды

Акула мен әйел
Фото: Видеодан кадр

Багам аралдарында досының қайығында туған күнін атап өтіп жатқан америкалық әйел күтпеген жерден акулаға жем бола жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

АҚШ-тың Майами қаласының тұрғыны Исо Мачадо Багам аралдарының тұнық, мөлдір суына түскен сәтте қайықтағы қонақтар дабыл қаға бастаған.

Сол кезде Исо өзіне қарай келе жатқан акуланы көрген.

Акуланы бірінші болып байқаған экипаж мүшесі мұны Исоның достары мен отбасына хабарлаған. Сол кезде әйелдің ұлы Энтони анасына көмектесуді ұйғарып, бар күшімен айқайлай бастаған.

Ол акуламен бетпе бет келген Исоға сабыр сақтап, уайымдамауға кеңес берген.

Өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан әйел сабыр сақтап, ұлының сөзіне құлақ асуды жөн көрген.

Видео кадрларынан Исоның жыртқышқа назар аудармай ары қарай жүзе бастағанын көруге болады.

Ал экипаж мүшесі акуланы үркітіп, қайықтан аластатқан. Сол себепті Исо аман қалған.

Айта кету керек, видео әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін танымалдық үшін акуламен суға түскен модельдің қолынан айырыла жаздағанын хабарлаған едік.

Калифорниялық инстаграм-модель Катарина Заруцки желі оқырмандарының назарын өзіне аударып, лүпіл жинау үшін Багамада акулалармен бірге суға түсуді жөн көріпті.

Алайда нәтижесі өзі ойлағандай болмаған.

Сондай-ақ, достарымен демалып жүрген 21 жастағы австралиялық футболшының акулаларға жем болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1869327-dostary-jeldi-akulamen-betpe-bet-kezdesken-stin-videoga-tsirip-aldy.html