RU

Бет әрлеуші болып кеткен Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарық қылды (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей карантин кезінде жұмысы тоқтап қалғандықтан, өзін басқа салада сынап көрмек болған. Түрлі фильмдерге түсіп, жүргізушілік пен асабалық қызметті қатар алып келген ол пандемия уақытында макияж жасаумен айналысып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей макияж жасауда
Видеодан кадр: Instagram/nurbolkhan_sharap

Қайрат Әділгерейдің бет әрлеуші болып кеткені жайлы Нұрболхан Шараповтың Instagram парақшасынан белгілі болды. Әзілкештің жүктеген видеосында "Түнгі студия" жүргізушісі бейтаныс арудың бетін бояп жатқанын көруге болады. Одан сұхбат алған Жанболат Найзабеков оны Қайрат Жоқсырға ретінде таныстырды.

Оның үстіне Қайрат Әділгерей макияжды кімге және қалай жасаған дұрыс екенін егжейлі-тегжейлі түсіндіріп өткен. Сөзінің соңында ол ұсқынсыз адамдар көбейіп кеткенін айтып шағымданды.

Отандық жұлдыздардың әзіл ретінде түсірген бейнежазбасы желідегілердің де көңілінен шыққан. Әзілкештердің видеосы оқырмандарды күлкіге қарық қылып, оларған жақсы әсер қалдырған.

"Өз репертуарында, тоқтамай күлдім ғой" , "Қайрат аға қатырады, қалжыны өткір осы" , "Соңғы сөзіне қатты күлдім. Өте күлкілі видео" , "Әзілді өлтіреді осы кісі, өте күлкілі. Тоқтамай күліп алдым" , - деп жазуда көпшілік.
Ерғали Сыдыманов1

Тағы да оқыңыздар

"Басымды қатырмаңдар": Ерғали Сыдымановтың сөйлеу мәнері жұртқа жақпай қалды (видео)

Айта кетейік, Қайрат Әділгерей өзімен рөл үшін таласқан Жахан Отарғалиевты отандық бағдарламаның тікелей эфирі кезінде ұятқа қалдырған болатын. Әзілкеш оны елдің көзінше сынап тастады. Ол өз қарсыласының қатты тершең екенін айтып, одан жағымсыз иіс шығатынын бетіне басқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бет әрлеуші болып кеткен Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарық қылды (видео)