RU

Шымкенттегі атыс: Күдіктілер ұсталды

Telegram logo VKontakte logo

Шымкент полициясының басшысы Ералы Жұмаханбетов қаладағы мейрамханалардың біріндегі атысқа қатысты күдіктілердің ұсталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жұмаханбетовтың мәліметінше, тергеу әлі де жалғасуда. Күдіктілер ұсталған.

Тергеудің құпиялылығына байланысты ол толық мән-жайды айтпады.

Айта кетсек, Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде болған атыс туралы 11 тамызда белгілі болған еді.

Аталмыш жайтқа пікір білдірген полицияның мәліметінше, оқиға Қазиев көшесі бойында орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында болған.

Полиция атыстан бір ер адамның алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғанын, тағы бір адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Сонымен қатар құзырлы орган аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) және 287-бабымен (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Сондай-ақ Ералы Жұмаханбетов қайтыс болған жігіт пен оны атқан деген күдікті жан жолдас болғанын да мәлім етті.

Қару

Тағы да оқыңыздар

Атырауда ауылдастар арасындағы жанжалдан ер адам көз жұмды

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында да атыс болып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Полицияның мәліметінше, таныс адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан екі адам оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған.

Тағы екі күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 24 бабы бойынша іс қозғалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Шымкенттегі атыс: Күдіктілер ұсталды