Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында "правасынан" айырылған жүргізуші жол апатына себепкер болды

Опубликовано:

Жол апаты Ақтөбе1
Фото: polisia.kz

Көлік жүргізу куәлігінен айырылған жүргізушінің жол ережесін бұзуы Ақтөбе облысында адам өліміне алып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 11 тамызда шамамен сағат 18:40-та Ақтөбе-Богословка тас жолында болған.

Басылымның мәліметінше, Сазда ауылынан Ақтөбе қаласына қарай бет алған Темір ауданының тұрғыны, Opel Vectra автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, жүйіткіп келе жатқан Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Vectra көлігінің екі жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліп, алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Toyota Camry көлігінің 4 жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген, олардың үшеуі толық тексеруден кейін үйлеріне жіберілсе, біреуі ауруханаға жатқызылған.

Ал Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылған. Одан ағзада алкогольдің бар-жоғын анықтау үшін қан алынған және химия-токсикологиялық сараптама тағайындалған.

Сондай-ақ, 20 жастағы азаматтың 2019 жылы әкімшілік кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болған.

Жол апаты Ақтөбе1
Фото: polisia.kz

Жол-көлік оқиғасына қатысты фактілердің барлығы Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының полиция басқармасы көлік – бұл қауіпті күшейтетін құрал екенін еске салды. Сондықтан, көлік жүргізу кезінде қауіпсіз жылдамдықты таңдап, жол мен метеорологиялық жағдайларды ескеріп, қарама-қарсы жолға шығып, қауіпті маневрлар жасаудан аулақ болуға шақырды.

Еске салсақ, 3 тамыз күні қазақстандық спортшылар мінген көлік апатқа ұшырап, үш балуан оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауыр жарақат алған еді.

Кейін полиция жол апатының мән-жайын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869342-klik-zrgizu-kkygynan-ajyrylgan-zrgizusi-aktbe-oblysyndagy-zol-apatyna-sebepker-boldy/

pixel