RU

Бразилиядан әкелінген мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус табылды

Telegram logo VKontakte logo

Қытайдың Шэньчжэн қаласында мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

крылышки 354
Көрнекі фото: pixabay.com

Жергілікті биліктің ақпарынша, аталған өнім Бразилиядан әкелінген.

Ауруларды бақылау мен алдын алу орталығы Оңтүстік Америка елінен жеткізілген өнімде вирустың бар-жоғын тексерді. Тест оң нәтиже берген. Жергілікті биліктің мәліметінше, аталған өнімге қол тигізуі мүмкін барлық қызметкерлер тексеруден өткен.

Дегенмен қызметкерлерден алынған тест сынамалары теріс нәтиже көрсеткен, қоймадағы сәйкес өнімнің барлығына мөр басылған.

Бұған дейін Оңтүстік Америка елдерінен, соның ішінде Эквадордан әкелінген теңіз өнімдерінен де вирус анықталғаны хабарланған.

Атап айтқанда, сәрсенбі күні Эквадордан жеткізілген мұздатылған асшаяндардың қаптамасынан коронавирус анықталған.

БАҚ өкілдері мәлім еткендей, шілде айының басынан бері Қытайдың жеті қаласында осыған ұқсас жағдайлар тіркелген.

Кейбір мамандардың пікірінше, аталған өнімдердің төмен температурада сақталуы вирустардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызған.

Маска тағу1

Тағы да оқыңыздар

Карантин жеңілдетілгеннен кейін маска тағудың қажеті бар ма

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан амауғаныда өткен тәулікте 517 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Жалпы республика бойынша науқастар саны – 101 372, ал инфекциядан жазылып шыққандар саны – 76756-ға жеткен.

Сондай-ақ ресми мәліметтерге сәйкес, 12 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан жеті, нақты COVID-19 диагнозы қойылған 22 адам көз жұмған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бразилиядан әкелінген мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус табылды