RU

Пара алды және ақша жымқырды деп күдіктелген Нұрымбетовті қамауға алу мерзімі ұзартылды

Telegram logo VKontakte logo

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдіктелген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшысының ағасы Тимуржан Нұрымбетовті қамауға алу мерзімі осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін ұзартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы Сот кеңсесіне сілтеме жасап.

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, өткен айдың соңында Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің бұрынғы басшысының ісі бойынша сот ісі басталды.

Бұрынғы шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты айыпталып отыр. Ол бір топ адамнан бірнеше рет пара алып, сондай-ақ қаражат жымқырып, заңдастырды деп күдіктелуде.

Сот үйде қамауға алу бұлтартпау шарасын желтоқсанның ортасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, іс бойынша алты адам жауапқа тартылуда. Олардың барлығы тағы төрт ай үй қамауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің туған ағасының қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік. Ол Жамбыл облысында жұмыс істеген. Шенеунік еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақша

Тағы да оқыңыздар

Полицияға пара бермек болған ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн брифингінде Шығыс Қазақстан облысындағы қазақстандық әскерилердің 1,8 млн теңге көлеміндегі пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Бұл ақшаға күдіктілер атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қоймақ болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Пара алды және ақша жымқырды деп күдіктелген Нұрымбетовті қамауға алу мерзімі ұзартылды