RU

Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскеридің секірген сәті видеоға түсіп қалды

Telegram logo VKontakte logo

Ақтауда парашюттің толық ашылмауынан ауыр жарақат алған әскери қызметкердің анасы қорғаныс министрлігінің мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау

Көрнекі фото: pexels.com

Күлжахан Жамауова ұлының ұшақтан секірген кездегі видеосын басылымға ұсынған. Оны бірге болған әріптестерінің түсіріп алғаны белгілі болды.

Кадрдан әскери қызметкерлердің кезек-кезек секіріп жатқанын байқау қиын емес. Жамауованың ұлы бірінші болып секірген. Оның алдында ер адам камераға қарап, қолын көтереді.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берген. Ведомство әскери қызметкер жерден берілген командаларға жауап бермеді, деді.

Сонымен қатар, қосалқы парашютті де ашпағанын мәлімдеді. Соның салдарынан әскери қызметкер жерге қатты құлаған.

Ал Жамауова болса министрліктің хабарламасымен толығымен келіспеймін деп отыр.

"Осы оқиғаға қатысты әскерилердің ұстанымымен толығымен келіспеймін. Жерден команда беретін әскерилер мегафонды қолдануы қажет. Ондай құрылғы болған жоқ. Сосын ұлымның парашютінде бір ілмек болмады. Парашюттің өзі тергеушінің кабинетінде әлі жатыр. Сараптама басталған да жоқ", - дейді ол

Ерғали Сыдыманов1

Тағы да оқыңыздар

"Басымды қатырмаңдар": Ерғали Сыдымановтың сөйлеу мәнері жұртқа жақпай қалды (видео)

Жамауованың сөзінше, ауыр жарақат алған ұлына портативті multiFiltrate атты гемодиализ аппараты қажет болған. Алайда оны мамандар тек үш күннен кейін ғана тапқан екен. Енді, дәл осы құрылғымен жұмыс істейтін кәсіби мамандар іздестіріліп жатыр, дейді ол.  

"Балама ота жасағаннан кейін аппаратқа қосты. Осы аппаратпен бір күн емдеуге 500 мың теңге кетеді. Билік тарапынан ешқандай көмек жоқ. Бәрін туған-туыстар мен ұлымның достары арқасында өзіміз көтеріп жатырмыз", - дейді Жамауова.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтауда әскери қызметкердің секіруді орындау барысында парашюті толық ашылмай қалғанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскеридің секірген сәті видеоға түсіп қалды