RU

Мұғалім оқушысының үйіндегі кісі өлімін онлайн режимде бақылаған

Telegram logo VKontakte logo

АҚШ-тың Флорида штатында бастауыш сынып мұғалімі оқушысының анасын әлдебіреулердің атып өлтіріп жатқанын байқалап отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Unilad-қа сілтеме жасап.

Мұғалім
Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға 11 тамыз күні таңғы 8-ден кейін болған. 10 жастағы қыз сабаққа қосылу үшін Zoom-ға кірген. Бір кезде оқушының үйінде жанжал басталды. Көп ұзамай қыздың анасы атылды.

Нәтижесінде күдікті Дональд Джей Уильямс қамауға алынды. Ол 32 жастағы Марибель Росадо-Моралесті өлтірді деп айыпталды. Полицияның мәліметінше, марқұм мен күдікті кездесіп жүрген. Кейіннен қос ғашықтың арасында дау туып, арты өліммен аяқталыпты.

Уильямс бастапқыда оқиға орнынан қашып кетті, бірақ автобус жүргізушісі 911-ге хабарласып, күдіктіні ұстап берді.

"Мұғалім әлдеқандай шу мен бейәдеп сөздерді естігенін айтты. Ол үйде ұрыс шыққанын түсінді, бала ол кезде әлі экраннан көрінбей тұрған. Әйелдің сөзіне қарағанда, бала ешкім оларды естімеуі үшін микрофонды өшірген. Содан кейін ол қыздың өз құлағын екі қолымен басқанын байқады. Сол сәтте экран бірден өшіп қалды. Оқтың компьютерге тигенін білеміз", - деді Шериф Уильям Снайдер.
бала

Тағы да оқыңыздар

Баласының өліміне дәрігерлерді кінәлаған алматылық келіншек жанайқайын жеткізді

Оқушының анасы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Оқиға болған сәтте үйдің ішінде алты бала жүрген. Олардың төртеуі Росадо-Моралестің, ал қалғаны туыстарының балалары еді. Қуанышқа қарай ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, екінші рет үйлену үшін жұбайын өлтірген ер адамның жаға ұстатқанын жазған едік.

Сондай-ақ, айта кетейік, Ауғанстанның шалғайдағы провинцияларының бірінде тұратын бойжеткен "Талибан" қозғалысының екі содырын өлтірді. Олар қыздың ата-анасын жазықсыз атып тастаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Мұғалім оқушысының үйіндегі кісі өлімін онлайн режимде бақылаған