RU

Алматы облысының дауға қалған санитарлық дәрігері видеодағы іс әрекетін түсіндірді

Telegram logo VKontakte logo

Жуырда ғана жаңа қызметіне кіріскен Ерғали Сыдымановқа қатысты басталған тәртіптік істің мән-жайы анықталды. Оған әлеуметтік желілердегі шулы видео себепші болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерғали Сыдыманов

Фото: facebook.com/cok.mangystau

Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің тағайындалуы туралы бір күн бұрын, 12 тамызда хабарланды.

Бұл лауазым денсаулық сақтау саласында 1987 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ерғали Сыдымановқа берілді. Алайда, ол қызметке кіріскен бойда, бірден жанжалдың ортасында қалды.

Әлеуметтік желілерде жаңа санитарлық дәрігердің кәсіпкерлерге дүкендердің жұмысын қайтадан бастаудың мүмкін еместігін түсіндіріп жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Әлеуметтік желі қолданушылары мемлекеттік қызметшінің дөрекі әрекеті мен сөйлеу мәнеріне наразы болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой да видеоға назар аударды. Оның тапсырмасымен қызметтік тергеу басталды. Ал Сыдымановтың өзі Tengrinews.kz басылымына видеодағы іс-әрекетін түсіндірді.

"Видео мен үшін белгісіз себептермен өзгертілген және әңгіменің негізгі мақсаты да жоғалған", - деді санитарлық дәрігер.
санитар

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды

Сыдыманов кейбір сөз тіркестерінің құлаққа ерсі естілетінін, бірақ адамдарға базарлардың жабылу себептерінің түсіндірілгенін айтты. Сонымен қатар, оның сөзінше, жағымды сәттер кадр сыртында қалған. Нәтижесінде мәселе барлығы үшін оңтайлы шешім тапқан.

Бас санитарлық дәрігер Денсаулық сақтау министрлігіне түсіндірме хат жолдап, жазасын өтеуге дайын екенін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматы облысының дауға қалған санитарлық дәрігері видеодағы іс әрекетін түсіндірді