Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолын жұлып, көзін ағызып жіберді": Оралда күзетшілер ер адамды өлімші етіп сабаған

Опубликовано:

Орал
Көрнекі фото: pexels.com

Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, атышулы оқиға былтыр желтоқсан айында болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан ер адамды тәртіп сақшылары наркологиялық диспансерге жеткізген. Жігіт мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті соққының астына алып, өлімші етіп сабапты.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, жақында оқиғаны суреттейтін видео пайда болған. Кадрдан бес жігіттің бір адамға жабылық жатқанын байқау қиын емес.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - деді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ол інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын жеткізген.

Ахметованың сөзінше, темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол уақытта, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді әйел.

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жағдайларлы ескерсе екен", - дейді ол. Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Ал марқұмның туыстары інілерін соққының астына алған алты күзетшінің тек екеуі ғана айыпталып отырғанын, қалған төртеуі куәгер ретінде сотқа тартылғанын жеткізді.

Автор: Е. Карин

Еске сала кетейік, бұған дейін Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіттің өлім құшқанын жазғанбыз.

Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті тәртіп сақшыларының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, 27 жастағы інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869449-kolyn-zlyp-kzin-agyzyp-ziberdi-oralda-kzetsiler-er-adamdy-limsi-etip-sabagan/

pixel