RU

БАҚ: Лукашенко Беларусь халқына шұғыл үндеу жасамақ

Лукашенко
Фото: РИА Новости / БелТА / Андрей Покумейко

Беларусь дереккөздері ел президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл түрде үндеу жолдайтынын айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта үндеудің қашан жасалатыны, оның мазмұны қандай екені туралы нақты ақпарат жоқ.

Лукашенканың дайындалып жатқан үндеуі туралы хабарлама Ресейдің "Коммерсантъ FM 93.6" газетінің Twitter парақшасында жарияланды. Басылым Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталью Эйсмонтқа сілтеме жасаған.

Алайда бұл жазбаға сәлден соң Telegram-дағы "Топор 18+ Беларусь" анонимді арнасы тіркеп жазылған. Президенттің халыққа үндеу жасайтыны туралы ресми хабарлама жоқ.

Әртүрлі ресейлік дереккөздерде тағы бірнеше Telegram арна дереккөз ретінде көрсетілген. Одан бөлек Республикалық кеңестің төрағасы Наталья Кочанова президент атынан мәлімдеме жасаған.

Кочанованың айтуынша, Лукашенко еңбек ұжымдарының пікірін тыңдап, Беларусь азаматтарының жаппай ұсталуын реттеуді тапсырған деп жазады БелТА басылымы.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өткен еді.

Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Сондай-ақ Беларусь ішкі істер министрі Юрий Караев наразылық кезінде жарақат алғандардан кешірім сұрады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1869450-bak-lukasenko-belarus-halkyna-sgyl-ndeu-zasamak.html