Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық білікті дәрігер коронавирустың алдын алудың 4 жолын атады

Опубликовано:

дәрігер
Фото: Рашхан Сыдайқызы/Facebook

Жеке медициналық орталықтың директоры, жоғары санатты дәрігер Рашхан Сыдайқызы коронавирустың алдын алатын негізгі жолдарды атап көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан газетіне сілтеме жасап.

"Коронавирустан сақтанып, алдын алудың 4 негізгі жолы бар. Оның біріншісі – топ­тық ортаға бармау, таза ауамен ты­ныстау, үйдің ауасын алмастыру, яғни оңашалану, оқшаулану. Екін­шіден бетперде тағу арқылы ви­рус­тың тыныс жолы арқылы жұғуы­нан сақтану және оны жиі ауыс­ты­рып тұру. Үшінші – үнемі қол жуу, ал төртіншісі ұйқы тыныштығын сақтау", - деді дәрігер.

Рашхан Сыдайқызы вирус жер бетінен жойылып кет­кенше сақтану шаралары тура­лы айтыла берілетінін жасырған жоқ. Өйткені індеттің қашан және қалай кететінін ешкім біл­мейді.

"Бұл жағдайда сақтан­ған­нан басқа амалымыз жоқ. Түшкіру, әлсіздік, бас ауыруы, дене қызуы­ның көтерілуі, тамақтың жыбыр­лауы, кеуде қуысының ауыруы, жү­рек қағысының, тыныс алудың жиі­леуі – аурудың басты белгілері. Ви­рус жұқтырған адамдарға айта­рым, сабырлы болып, көңіл күйді ор­нықты ұстауы керек. Өйткені адамдар «өліп қалатын болдым» деп ішкі көңіл-күймен арпалысқан сайын қан қысымы бар адамның қысымы одан ары көтеріліп, қо­сым­ша аурулары болса, олар қозып кетуі мүмкін. Сол себепті сабырлық танытып, уайымға салынбау керек. Әр ауруды емдеу тәсілі болатыны секілді, коронавирусты да имму­ни­тетті көтеру арқылы емдеуге бо­ла­ды", - деді медицина қызметкері.

Ол коронавируспен ауырмағандар осы сақтық шараларын жасап, спортпен айналысуы керек, деп отыр. Маманның сөзінше, қи­мыл-қозғалыс өте маңызды, таңер­тең және кешке таза ауада кө­бірек жүрген дұрыс.

Жаз айларында дәру­менге толы көкөністерді, же­міс-жидектерді жеп, қымыз, шұбат, айран, сүт, сорпа ішу керек. Бірақ қан қы­сымы көтеріліп тұрған адам қы­мыз ішсе, қан айналымы жыл­дам­дап, қан қысымын көтеріп жібе­ре­ді. Ал қаны қою кісілер өте майлы сор­па ішпеуі керек.

  • Сонымен қатар кү­ніне 2-3 литр таза жылы су іш­кен жөн. Жас балалар мен жасы 60-тан асқан кісілерге судың бұл мөл­шері көп болады, сол себепті адам жасы мен салмағына қарай таңертең аш қарынға жылы су ішу­ден бастағаны дұрыс.
Дұрыс та­мақтану, салауатты өмір салтын ұста­ну және жеке тазалықты қолға алу арқылы бұл вирусты жұқтыр­май аман-есен өтуге болады", - деді Рашхан Сыдайқызы.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткен болатын.

Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына әлі де тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869500-otandyk-bilikti-driger-koronavirusty-aldyn-aludy-4-zolyn-atady/

pixel