RU

Жезқазған қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қайрат Абсаттаров1
Қайрат Абсаттаров. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің сайты

Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек Жезқазғанның жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға Қайрат Абсаттаров тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы" КЕАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі лауазымын атқарған Қайрат Абсаттаровты өңір басшысы Жеңіс Қасымбек таныстырды.

"Қайрат Бектайұлында мемлекеттік басқару тәжірибесі бар, қала проблемаларын шешеді және шешімдерін табады. Ол өзінің тәжірибесі мен білімінің арқасында Президентпен қойылған міндеттерге сәйкес жұмысын ұйымдастыра алады", – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Қайрат Абсаттаров 1966 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар:

  • 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын "Автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша;
  • 1998 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "Экономика және өндірісті басқару" мамандығы бойынша;
  • 2018 жылы "МИСиС" Ұлттық техникалық зерттеу университетін "Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, президент әкімшілігінде жұмыс істеген, байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарған.

Сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, бірнеше министрліктерде комитет төрағасы болды, премьер-министрдің канцеляриясын, өңірлік даму департаментін басқарған.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Жезқазған әкімі Қайрат Бегімов президент әкімшілігінің келісімімен басқа жұмысқа ауыстырылуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов жақында қызметінен кететінін айтқан еді.

Оған қоса, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1869535-zezkazgan-kalasyny-zaa-kimi-tagajyndaldy.html