Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам ғаламтордың арқасында әйелінің опасыздығын біліп қойды

Опубликовано:

Опасыздық сәті
Фото: Google Street View

Перулік ер адам абайсызда жұбайының опасыздығы жайлы біліп қойған. Ол сүйіктісінің көзіне шөп салғанын Google картаның арқасында анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Қызықты жайт Перудің Лима қаласында болған. Ер адам әйелінің өзге жанмен көңіл қосып жүргенін көршілерден не жұбайының ұялы телефонынан емес, Google карта арқылы білген.

Белгілі болғандай Google автокөлігі жол жөнекей өтіп бара жатып, қос ғашықты суретке түсіріп алған.

Ғаламторда пайда болған кадрда ер адамның әйелі өзге ер азаматпен орындықта отырған.

Ол үстіне ақ жейде киген қара шашты әйелдің аяғына басын қойып жатқан.

Express басылымының ақпарынша, олардың бет жүзі жасырылғанмен ер азамат өз жұбайын бірден таныпты. Кейін әйеліне суретті көрсетіп, бар шындықты білген.

Келіншек оған опасыздық жасағанын мойындаған. Осыдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдаған екен. Алайда жұбайлардың басынан өткен хикая Facebook желісінде тарап кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ғаламтор арқылы түстенетін жер іздеген келіншектің күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойғанын жазған едік.

Анықталғандай әйел адам түскі асқа бару үшін ғаламтордағы мейрамханалардың тізімін қарай бастаған. Осылайша оның көзі "Trummers" атты дәмханаға түскен.

Сөйтіп ас мәзірі мен бағаларын білу үшін мейрамхананың сайтына кіреді.

Алайда күтпеген жерден күйеуінің басқа әйелмен түскі ас ішіп отырған суретін байқап қалған.

Сондай-ақ бұған дейін күйеуінің опасыздығын біліп қойған келіншектің одан ерекше тәсілмен кек алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1869553-er-adam-galamtordy-arkasynda-jelini-opasyzdygyn-bilip-kojdy/

pixel