RU

Қазақстанда пандемия кезінде 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған

Telegram logo VKontakte logo

Президент индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Бейбіт Атамқұлов1

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы 7 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілген.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайына қарамастан министрлікке қарасты салаларда оң нәтижелерге қол жеткен.

Министр бүгінде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 61,3 мың отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарғанын жеткізді.

Сонымен қатар "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 160 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыруға және ішкі нарықты толық қамту мақсатында өңделген өнімдердің үлесін арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

коронавирус город 02

Тағы да оқыңыздар

Карантин жеңілдетіледі: Министр қалыпты өмірге оралудың алғышартын атады

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үйлерді уақытында табыстаудың маңызды әлеуметтік міндет екенін айтты.

Сондай-ақ көлік-транзит инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдаған болатын.

Сонымен бірге президент ресейлік әріптесі Владимир Путинді коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда пандемия кезінде 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған