RU

"Тараз-Арена" спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылуда

Telegram logo VKontakte logo

"Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз-Арена1
Көрнекі фото: sportmap.kz

Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.

Қайта атау жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы, ардагер спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің алпыз тоғыз жасында өмірден озғанын хабарлаған едік.

Даңқты спортшының қазасы қазақ халқының қабырғасын қайыстырды. Марқұмның отбасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, жеделхат жолдады.

сани

Тағы да оқыңыздар

Цой Алматы облысы бас санитарының үстінен қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды

Көптеген белгілі тұлғалар Жақсылық Үшкемпіров жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, ол кісінің қазасы ауыр тигенін жазды.

Кейін даңқты спортшының туыстары қиын сәтте қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алыс айтып, қазіргі пандемияға байланысты қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың барлығы тек тура бір жылдан кейін өтетінін хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Тараз-Арена" спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылуда