RU

Светлана Тихановская кезекті бейнеүндеуін жолдады

Telegram logo VKontakte logo

Светлана Тихановская кезекті бейнеүндеуін жариялап, онда Беларусь қалаларының басшыларын бейбіт жиналыс өткізуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тихановская 123
Светлана Тихановская. Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Беларусь президенттік сайлауында үміткер болған Светлана Тихановская кезекті бейнеүндеуін жариялады. Ол өзінің командасы мен сайлаушыларына алғыс білдірді.

Президенттікке экс-үміткердің айтуынша, сайлауда оған белоруссиялықтардың 60-70 пайызы қолдау білдірген. Тихановская халықтың расында да оған дауыс бергенін көрсету үшін петицияға қол қоюға шақырды.

Ол өз сөзінде "биліктің бейбіт жиналысты қан майданға айналдырғанын" атап өтті.

Зорлық-зомбылықты тоқтату үшін Тихановская Беларусь қалаларының мэрлеріне жүгініп, 15 және 16 тамызда бейбіт жиналыстар ұйымдастыруға шақырды.

Айта кетейік, Светлана Тихановска 9 тамызда өткен Беларусь президенттік сайлауына қатысқан болатын.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Беларусь Наразылық1

Тағы да оқыңыздар

Беларусь ішкі істер министрі наразылық кезінде жарақат алғандар үшін кешірім сұрады

Алайда, сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Осыдан кейін Лукашенконың сайлаудағы басты қарсыласы Светлана Тихановская өзінің жеңіске жеткенін айтып, билікті бейіт жолмен беруді талап етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Светлана Тихановская кезекті бейнеүндеуін жолдады