Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Теміртаудың жаңа басшысы болды

Опубликовано:

Қайрат Бегімов1
Фото: zhezmedia.kz

Теміртау қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Жезқазған қаласын басқарған Қайрат Бегімов келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды ​​облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа әкімді қалалық мәслихат депуттарына аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек таныстырған.

Сондай-ақ бұрынғы әкім Ғалым Әшімовке атқарған жұмыстары үшін алғыс айтқан.

Әшімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Облыс әкімі жаңа басшыға қаладағы экологиялық және жұмыссыздық мәселелерін шешу, құрылысты ұлғайту және инвестиция тарту міндеттерін қойды.

Айта кетейік, Қайрат Бегiмов 1968 жылы Қарағанды қаласында туған.

Екі жоғары білімі бар: 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Біліктілігі бойынша: "өнеркәсіптік көлік инженері", "қызметкерлерді басқару, экономист".

Еңбек жолын 1992 жылы "Қарағанды көмі" бірлестігінде жекешелендіру және тұрғын-үй бөлімінің басшысы болып бастаған.

1993 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі аралықта Қарағанды қаласы бойынша аудан әкімдерінің аппаратында түрлі лауазымдар атқарған.

Кейін "Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы, Қазыбек би ауданы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары, Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қарағанды облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған.

Сонымен қатар Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарған.

2018 жылдан бастап жаңа қызметіне дейін Жезқазған қаласының әкімі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған қаласына жаңа басшысы тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1869594-zezkazgan-kalasyny-bryngy-kimi-temirtaudy-zaa-bassysy-boldy/

pixel