RU

Алматы мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті

Telegram logo VKontakte logo

Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев Instagram әлеуметтік желісінде өз қызметінен кететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ернар Құрмашев
Фото: Instagram, ernar_kurmashev
"Қиыншылығымен ерекшеленген, барлық жағынан тағдырлы саяхатым міне соңына жетті. Мемлекеттік қызметте бір-ақ жыл қызмет атқардым, алайда 1 емес 3 жыл жүргендеймін.

Бір жыл бұрын мәдениет басқармасының басшысы қызметіне келдім. Салмақты қадам еді. Қала әкімі қызықты әрі күрделі - қала мәдениетін реформалау және Алматыда креативті экономиканы дамыту үшін алғышарттар құру сияқты міндет қойған. Көптеген адамдар үшін бұл жаңа ұғым, алайда әлемдегі барлық ірі қалалар креативті экономиканы дамудың басымдығы ретінде таңдап қана қоймайды.

Мен бұл құбылысты 3 жылдан астам зерттедім. Отандық киноиндустрияның тек осындай креативті индустрия жолымен дами алатынын түсіндім. Киноиндустрия орындаушылық өнер, заманауи өнер, анимация, сән және басқа шығармашылық индустриялардың жетекші және қозғаушы күші.

кинотт

Тағы да оқыңыздар

Кинотеатрлар мен бар қызметкерлеріне 42 500 теңге төлене ме

Осы қағида бойынша мен қала мәдениетін дамыта бастадым. Көп істер атқарылды. Олардың нәтижелерін 2-3 жылдан кейін көруге болады. Мәдениет басқармасының жаңа басшылығы креативті экономиканы дамытудың әзірленген стратегиясын іске асыруды жалғастырады деген сенімдемін.

Бақытжан Әбдірұлына маған сенім білдіргені үшін және мені бірден қабылдап қолдау көрсеткен Алматы қаласы әкімдігінің керемет командасына шексіз ризашылығымды білдіремін. Мен мол тәжірибе жинадым, бұл жол мені тек шыңдап қана қоймай, өзіме деген сенімділік арттыра түсті. Кетіп бара жатқаныма жүрегім ауырады. Алайда арманның жетегімен кетіп барамын. Мен бас тарта алмайтын ұсыныс жасалды. Кетер алдында Бақытжан Әбдірұлынан атқарған жұмыстарым үшін алғыс хат алдым", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін Теміртау қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Жезқазған қаласын басқарған Қайрат Бегімов келді.

карантин 789

Тағы да оқыңыздар

Бас санитарлық дәрігер неліктен демалыс күндері локдаун сақталатынын айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматы мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті