RU

Елімізде кейбір кәсіпкерлерге 42 500 теңгені тағы да төлеу ұсынылды

Telegram logo VKontakte logo

17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіпорындарға 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік төлемді ұзарту ұсынылып отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қазір Ұлттық палата отандық кәсіпкерлерді қолдау көрсету пакетімен қамту үшін ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

"Біз қазір мемлекеттік төлемді ұзарту жөніндегі өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бүгінде қызметтің тағы бірнеше бағыты шет қалып отыр. Мәселен, караоке, тойхана және басқа да бағыттар. Біз онда қанша адам жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинап, тексеріс жүргіземіз", - деді "Атамекен" төрағасының орынбасары.   

Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлердің несиесін кейінге қалдыру және қайта қаржыландыру, салықтарды кейінге қалдыру және жалдау ақысын төлеу мәселелерін пысықтауды ұсынады.

Жұмағазиев 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіпкерлер саны едәуір азаятынын атап өтті.

Бұған дейін ҰКП төрағасының орынбасары елімізде карантин режимі салдарынан 1,3 миллион адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеген еді.  

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Елімізде кейбір кәсіпкерлерге 42 500 теңгені тағы да төлеу ұсынылды