Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттың баға жетпес байлығы: Тоқаев Шәмші Қалдаяқовты еске алды

Опубликовано:

Шәмші Қалдаяқов
Фото: martebe.kz

Бүгін, 15 тамызда "Менің Қазақстаным" мемлекеттік гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күн. Ел президенті халық композиторын еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін еліміздің Әнұраны "Менің Қазақстаным" әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды.
Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы.
Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы", - деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Шәмші Қалдаяқов - ұлы композитор, қазақ вальсінің королі, Қазақстан гимінің авторы.

Халық композиторы 1930 жылдың 15 тамызында еліміздің оңтүсітігінде орналасқан кішкентай ауылда дүниеге келген.

Шәмші Қалдаяқов қазақ эстарадасының бастауы болған композиторлардың бірегейі. Ондаған жыл бойы оның ықпалымен ерекше мектеп қалыптасқан.

Еске сала кетейік, "Муз-тв" телеарнасының бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатын алған еді.

Мемлекет басшысының атынан құрмет грамотасын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев табыс еткен.

Сондай-ақ президент Тоқаев бұған дейін ресейлік әріптесі Владимир Путинді коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтаған еді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869647-ltty-baga-zetpes-bajlygy-tokaev-smsi-kaldaakovty-eske-aldy/

pixel