RU

"Әдейі өртелгені анық": Ақан Сатаев "Қазақфильмнен" шыққан өртке пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясынан өрт шықты. Қызыл жалын тек бірнеше сағаттан соң ТЖД, полиция, студия қызметкерлерінің және Nomad каскадерлар тобының көмегімен ауыздықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақфильм

Фото: instagram.com/akansatayev

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында өртті өшіруге атсалысқандарға алғыс білдірген.

Оның айтуынша, киностудия аумағында ірі өрт болып, қуанышқа орай ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ ол от әдейі қойылған болуы мүмкін деген пікір білдірді.

"Әдейі өртелгені анық", - деді киностудия президенті Сатаев.

Аяқ астынан түнде шыққан өртті сөндіруге ТЖД және полиция қызметкерлеріне Nomad каскадерлар тобы мен студияның кейбір қызметкерлері көмектескен.

Еске сала кетейік, кеше түнде "Қазақфильм" киностудиясының музейінен өрт шыққаны хабарланды. Ақпарат бастапқы кезде әлеуметтік желіде тараған.

Кейінірек ТЖД баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде", - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Ерғали Сыдыманов1

Тағы да оқыңыздар

"Басымды қатырмаңдар": Ерғали Сыдымановтың сөйлеу мәнері жұртқа жақпай қалды (видео)

Айта кетсек, белгілі режиссер, көптеген кинотуындылардың авторы Ақан Сатаев киностудия президенті болып 7 шілде күні тағайындалған еді. Бұған дейін аталмыш қызметті Арман Асенов атқарып келген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Әдейі өртелгені анық": Ақан Сатаев "Қазақфильмнен" шыққан өртке пікір білдірді