RU

Өзенге секіріп қашпақ болған текелілік шенеунікке үкім шықты

Telegram logo VKontakte logo

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерден өзенге секіріп қашпақ болған Текелі әкімі аппаратының басшысына қатысты үкім шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат 9 шілдеде тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айтуынша, Текелі әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке іліккен. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша жер беру мәселесін оңтайлы шешу үшін заңсыз 400 мың теңге алған.

Ұстау барысында шенеунік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерден қашуға тырысып, өзенге секіріп кеткен. Алайда оның ойы жүзеге аспай, шенеунікті жемқорлыққа қарсы қызметкерлер судан алып шыққан.

6 тамыз күні мемлекеттік қызметкерге үкім шыққаны белгілі болды. Сыбайлас жеморлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, Текелі әкімі аппаратының басшысына 15 миллион теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Еске сала кетейік, кеше "СҚ-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айтуынша, ол өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Сонымен бірге, Алматы облысындағы "Нұр Жолы" кеден бекетінде жұмыс істеген мемлекеттік кірістер департаментінің сегіз қызметкері тергеуге алынғаны анықталды.

Тергеу болжамынша, олар Қытайға бекет арқылы өткен жүк көліктер мен кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Өзенге секіріп қашпақ болған текелілік шенеунікке үкім шықты