RU

Алматыдағы кардиоорталық ғимараты өртенді (фото, видео)

Telegram logo VKontakte logo

Алматыдағы қалалық кардиологиялық орталықтан өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

өрт

Фото: Видеодан кадр

ТЖД берген ақпаратқа сәйкес, ТЖД 14 техникасы мен жеке құрамдағы 42 адам өрт сөндіруге қатысқан.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, алдын ала болжам бойынша жеке тұрған ғимараттың шатыры жанған.

Ғимаратта тұрған оттегі баллондары жарылады деген қауіп болған. Алайда төтеншеліктердің хабарлауынша, қазір алаңдауға негіз жоқ.

"Шет жағында кір жуатын орын, ғимаратта оттегі толтыратын пункт бар. Өрт сөндірушілер келгенше жарылыс болып, төбелік конструкциялардың құлаған", - деді департамент.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірген.

Еске сала кетейік, кеше түнде "Қазақфильм" киностудиясының музейінен өрт шыққаны хабарланды. Ақпарат бастапқы кезде әлеуметтік желіде тараған. Кейінірек ТЖД баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде", - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Қазақфильм

Тағы да оқыңыздар

"Әдейі өртелгені анық": Ақан Сатаев "Қазақфильмнен" шыққан өртке пікір білдірді

Сондай-ақ, "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында өртті өшіруге атсалысқандарға алғыс білдірген.

Оның айтуынша, киностудия аумағында ірі өрт болып, қуанышқа орай ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ ол от әдейі қойылған болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыдағы кардиоорталық ғимараты өртенді (фото, видео)