RU

Лукашенко Белоруссиядағы митингтерге сыртқы күштер әсер еткен деп есетейді

Telegram logo VKontakte logo

Белоруссиядағы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Лукашенко арнайы жиын кезінде ел ішіндегі ахуалмен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лукашенко

Фото: unn.com.ua

БелТАның хабарлауынша, Белоруссияда арнайы жиналыс өткен. Астанада жоғары лауазымды шенеуніктер мен президент бас қосқан. Лукашенко ведомстволарға тапсыма беріп қана қоймай, республикадағы наразылықтар туралы тағы да сөз қозғады.

Ол "бейбіт акциялар мен шерулердің" шын мәнісінде бейбіт емес екенін бірнеше рет айтты.

"Бізді бейбіт акциялар және шерулермен алдарқатудың қажеті жоқ. Астарында не болып жатқанын көріп отырмыз", - деді президент.

Лукашенко Белоруссиядағы сайлаудан кейін саяси жағдайды тұрақсыздандыруға сырттан басқа бір күштер араласуда деп күдіктенеді. Ол сонымен бірге наразылық акцияларын "түсті төңкеріс" деп атаған.

Ол белоруссиялық митингшілермен шетелдіктердің ынтымақтасқанын хабардар екенін жеткізді. Сондай-ақ Лукашенко болған жағдайды талқылау үшін Ресей президенті Путинмен байланысу керек екендігін айтты.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті.

Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Айта кетейік, кеше Лукашенко Беларусь халқына үндеу жасады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Лукашенко Белоруссиядағы митингтерге сыртқы күштер әсер еткен деп есетейді