RU

Алматыда өртенген кардиоорталық ғимаратынан ер адамның денесі табылды

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін, 15 тамызда Алматыдағы кардиологиялық орталықта болған өртке қатысты төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады. Өрт сөндірілген соң ғимараттан қызметкерлердің бірінің денесі табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

өрт
Фото: Алматы қаласы ТЖД

ТЖД хабарлауынша, өрт бүгін, 15 тамызда кардиологиялық орталықтағы жеке тұрған ғимараттан шыққан.

"Күш пен құрылғылар келгенше оттегі толтыру пунктінде жарылыс болды. Салдарынан шатыр ғимараттың ішіне құлап кеткен", - деді ведомство.

Өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың төбесі жанып жатқан. ТЖД айтуынша, жалынның басқа ғимараттарға өту, сондай-ақ баллондардың жарылу қаупі болған. Алайда өрт сөндірушілер қауіптің алдын алған.

Мамандар өртеніп жатқан ғимараттан бес оттегі баллонын және бір газ баллонын алып шыққан.

"15:47-де қабылданған шаралар бойынша өрт оқшауланды, 16:07-де жалпы алаңы 280 шаршы метр өрт сөндірілді. Адамдар эвакуациясы жасалған жоқ", - деді ТЖД.

Қызметкерлердің ғимараттан өз беттерінше шыққаны белгілі болды. Алайда өрт сөндірілуге жақын қалғанда құтқарушыларға оттегі тарату пунктіндегі бір қызметкердің жоқ екені туралы хабар келген.

өрт

Тағы да оқыңыздар

Алматыдағы кардиоорталық ғимараты өртенді (фото, видео)

Көп ұзамай жарылған баллонның жанынан ер адамның денесі табылған. Марқұм 32 жаста болған.

Еске сала кетсек, кеше Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында да өрт болған еді.

"Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында өртті өшіруге атсалысқандарға алғыс білдірген.

Оның айтуынша, киностудия аумағында ірі өрт болып, қуанышқа орай ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ ол от әдейі қойылған болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда өртенген кардиоорталық ғимаратынан ер адамның денесі табылды