RU

2020 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Telegram logo VKontakte logo

2020 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

университет
Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі белгілі болды. Қазақстан республикасының ашық білім берудің ұлттық платформасы сайтынан ақпаратты тексеріп, сондай-ақ тізімде аты-жөніңіз бар ма екенін көре аласыз. Ақпаратты көру үшін ЖСН сияқты жеке мәліметті енгізу керек.

Сондай-ақ, толық тізім мен көбірек мәлімет алу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтына кіруге болады.

Мемлекеттік грант иегерлерінің толық тізімін көру үшін қосымша бағдарлама қажет болуы мүмкін. Мысалы, көруге арналған rar немесе zip бағдарламасы.

Сондай-ақ, ыңғайлылық үшін балама көрініске сілтемелер бар (Google Drive-қа салынған):

2020 жылғы грант иегерлерінің қазақ тіліндегі тізімі.

2020 жылғы грант иегерлерінің орыс тіліндегі тізімі.

Еске сала кетейік, еліміздің оқушылары коронавирус жағдайында қашықтықтан оқитын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеген болатын.

Ұшақ

Тағы да оқыңыздар

Шетелден ұшып келетіндерге қандай талаптар қойылады: Бас санитар түсіндірді

Министрдің сөзінше, оқушылар бірінші тоқсанды онлайн форматта оқиды. Алдын ала болжам бойынша, 2,6 миллион бала осы форматта білім алады.

Сондай-ақ Аймағамбетов еліміздің әрбір ұстазына жеке-жеке хат жолдады. Ол хатта мұғалімдердің төртінші тоқсанда атқарған еңбектері үшін алғыс білдірген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
2020 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды