Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп нәрсе айтылмай қалды": Нұрәлі Әлиев Айсұлтанның ел көрмеген суреттерін жария етті

Опубликовано:

Айсұлтан
Фото: Видеодан кадр

Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Әлиев өмірден өткен бауыры Айсұлтан Назарбаевқа арнап әсерлі видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Қымбатты бауырым, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені әрдайым жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Нұрәлі Әлиев.

Ол Instagram әлеуметтік желісінде жария етілген видеоның сілтемесін Facebook парақшасында да қалдырған. Әсерлі ролик кадрынан Айсұлтан Назарбаев суреттері мен отбасылық фотолардың жинақталғанын аңғару қиын емес.

Нұрәлі
Фото: Нұрәли Әлиевтің Instagram желісінен скриншот

Еске сала кетсек, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында 30 жасқа қараған шағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені - Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған.

1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "Елбасының сүйікті жиені" деп атайды.

Айсұлтан
Фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

Кейін сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева ұлының өмірден өтуіне қатысты пікір білдірді.

Жазба Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарық көрді.

"Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты аса қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869804-kp-nrse-ajtylmaj-kaldy-nrli-liev-ajsltanny-el-krmegen-suretterin-zaria-etti/

pixel