Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп "Коронавирус, кет" деп ән шырқаған Омаровты Америкаға шақырды

Опубликовано:

Марат Омаров
Фото: instagram.com/marat_omarov_kz

"Коронавирус, кет, кет, кет" хитін жазған қазақстандық композитор, халық әртісі Марат Омаровты Америкаға шақырды. Шетелде өнер көрсету туралы ұсыныс бірнеше ай бұрын президент Дональд Трамптан түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, шақыртуда қайырымдылық концерт Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланғаны айтылған.

Іс-шара COVID-19 пандемиясы аяқталған соң өтуі керек. Otyrar.kz жазуынша, концерттің нақты күні әзірге белгісіз.

Марат Омаров ән кешінде "Коронавирус, кет, кет, кет" сынды бірнеше танымал туындысын орындайды.

Әртістің басылымға айтуынша, қазір ел билігі ең алдымен азаматтардың денсаулығына алаңдаулы. Омаров ән айтуға қашанда үлгеретінін жеткізген.

Композитор қазіргі уақытта үйінде туған қаласы Шымкентке арналған жаңа туындымен айналысуда. АҚШ-қа баруы мүмкін екенін ешкімге айтпағанымен журналистерден сыр жасыра алмапты.

Еске сала кетейік, Марат Омаровтың "Коронавирус кет, кет" әні желіні жарып, нағыз хитке айналған еді. Отандық жас өнерпаздар аға буынның туындысынан шабыт алып, әннің өз орындауындағы нұсқаларымен бөліскен.

Кейінірек, өнер иесі желіде хит болған коронавирус жайлы әніне қатысты бар шындықты айтты. Сазгер кеңінен тараған өлеңді шығару идеясы Шымкент шаһарындағы мейрамханалардың бірінде туындағанын жеткізген болатын.

Оның сөзінше, аталмыш туындының жарық көруіне қауіпті дерттен барынша қорғанып әлек болған халық түрткі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869817-tramp-koronavirus-ket-dep-n-syrkagan-omarovty-amerikaga-sakyrdy/

pixel